14.01.2025 ж күні «Шетпе лицейі» КММ-де «Мен таңдаған мамандық» атты студенттермен кездесу кеші өтті. Кездесуге 2 және 4-курс студенттері келіп, биылғы түлектеріміз бен кешке қатысқан оқушыларымызға ақыл-кеңестерін айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар тарапынан мамандық таңдауға қатысты, көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылып, студенттер тарапынан жауаптар берілді.
Сергіту сәті ретінде ойын да ойнатылып, ән де айтылды.
Кездесу кеші уақыттарын бөліп келген студенттерімізге «Алғыс хат» табыстаумен және 5-сынып оқушысы Бауыржанқызы Гауһардың орындауындағы «Жақсы адамдарым» әнімен аяқталды. Шара соңында ұстаздарымыз бен студенттеріміз естелікке суретке түсті.
- Home
- «Мен таңдаған мамандық» атты студенттермен кездесу кеші өтті.
Posted in
Мектеп