19.09.2024ж. күні “Шетпе лицейі” КММ-нің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының айлық жоспарына сәйкес Айтқожаева Інжу Құмарбекқызы 6”а”-сыныбына “Hobbies and interest” тақырыбында шетел тілі пәнінен әдіс алмасу сабағын өткізді.
Сабақ ең алдымен амандасумен, оқушыларды түгендеумен басталды. Үй тапсырмасын тексеру экранда көрсетілген суретке қарап сөзді табу арқылы жүзеге асты. Оқушылар pickerwhell.com сайты арқылы екі топқа бөлінді.
Ең алдымен, оқушыларға экранда ой қозғау мақсатында сұрақ қойылды. Оқушылар топтық жұмыста “Completing the Mind Map” тапсырмасын орындады және тапсырманы тексеру “ Wordwall “ платформасы арқылы тексерілді. Әр тапсырма бойынша оқушылар жеке бағаланып отырды. Жұптық жұмыста “Find-a-Friend Bingo” тапсырмасы бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап берген мезетте екі оқушының жауабы бірдей болған сәтте “Bingo” деп айтып сөйлесім болды. Жеке жұмыста оқушыларға “True or False Challenge “ тапсырмасында тыңдалым тыңдап, соңында оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмасып, жауабын тексерді.
Мұғалім сабақ соңында “Feedback” арқылы
- I understood everything
- I have questions
- It was difficult деген кері байланыс алды. Белсенді қатысқан оқушыларға доллор — купон беріліп, сабақ соңында тақтада жеке оқушыларға бағалау парағын саралап, мұғалімнің бағалауы болды. Оқушылар тапсырмаларды мұқият орындай отыра, сабақ мақсатына толықтай жете алды.