20.09.24 ж. күні “Шетпе лицейі” КММ-нің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының айлық жоспарына сәйкес Ермекқалиева Айнагүл 7”ә”-сыныбына “Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар, билер мен батырлар” тақырыбында әдіс алмасу сабағын өткізді.Сабақ мақсатына сәйкес жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру болды.Мұғалім сабақта үй тапсырмасының орындалуын “Wordwall” әдісі арқылы анықтады. Жаңа сабақта оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасады. . Мұғалім оқушыларды “Шапалақ” әдісі арқылы мадақтап отырды. Оқушылар тапқырлықтарын танытып уақытқа сай жауап берді.Бекіту кезеңіне сәйкес үш топқа бөлінген оқушылар халық ауыз әдебиетінің “Елім-ай” өлең шумақтарын мәнерлеп айтты. Сабақта оқушылар белсенділік танытып,сабақ толықтай өз мақсатына жетті.

