30.10.2024 жылы күзгі демалыс жоспары аясында ұйымдастырылған “Адамды адам еткен — кітап, адамзат еткен — кітапхана” атты іс-шараға 5-сынып оқушылары сынып жетекшісі Сағынғали Айжан Сағынғалиқызымен бірге орталық кітапханаға саяхат жасады. Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тарихымен танысып, кітап қорларын зерттеп, кітап оқу мен ғылыми зерттеулердің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Кітапханашылар балаларға кітап әлемінің қызықты әлемін таныстырып, оқуды ынталандыру мақсатында түрлі кітаптар мен әдеби жанрлар жайлы қызықты әңгімелер жүргізді. Бұл саяхат оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білім алуға деген ынтасын күшейтті.


