28 қаңтар 2025 жылы кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларына “Мамандықтың бәрі жақсы”тақырыбында шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың қызығушылығын арттыру және дұрыс мамандық таңдауына бағыт-бағдар көрсету. Әрбір мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндіре отырып, оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
Шара барысында оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтары туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. Сондай-ақ, сергіту сәті ұйымдастырылып, болашақта сұранысқа ие мамандықтар тізімі таныстырылды. Осы мамандықтардың артықшылықтары туралы да жан-жақты талқыланды.
Бұл шара оқушыларға мамандық таңдауда өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарын ескеру қажеттігін ұғынуға көмектесті.