“Шетпе лицейі” КММ-нің түлегі Жұманазаров Жәнібек мектеп кітапханасына жаңадан жарық көрген 50 көркем әдеби кітапты тарту етті

2025 жылы 9 сәуірде “Шетпе лицейі” КММ-нің түлегі Жұманазаров Жәнібек мектеп кітапханасына жаңадан жарық көрген 50 көркем әдеби кітапты тарту етті. Бұл игі іс “Шам” орталығының қолдауымен жүзеге асты.

Кездесу барысында Жәнібек оқушылармен пікір алмасып, әр кітаптың авторы мен мазмұнына қысқаша шолу жасады. Жаңа кітаптармен танысқан оқушылар үлкен әсер алып, өз ойларымен бөлісіп, шынайы ризашылықтарын білдірді.

Мектеп әкімшілігі мен ұжымы лицей түлегінің осындай қолдауына алғыс айтып, бұл бастама жас ұрпақтың білім мен әдебиетке деген құштарлығын арттыратынына сенім білдірді.

More From Author

2025 жылы 5 ақпанда “Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің” өкілдері “Шетпе лицейі” КММ-нің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031