05.09.2024ж. күні Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тіл — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты айлық жұмысының ашылу салтанаты өтті.
Айлық жұмыс жоспарының жоспарының мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту. Өзге тілді үйрене отыра, ана тілге деген құрметті арттырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Ашылу салтанаты ұлт жанашыры, түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қоса тілдер мерекесі екендігі айтылып, 10-сынып оқушысы Жасұлан Айарудың А. Байтұрсынұлы туралы баяндама оқуымен жалғасты.
7«ә»-сынып оқушылары: Бақыт Әсем —«Ерке сылқым» күйін, Жайшылық Зулфия —«Ақ Ерке» халық әнін орындады. 5-6 -сынып оқушылары үш тілде мәнерлеп өлең оқыды. Одан әрі кафедра жетекшісі Джиенбаева Тілектес «Тіл — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты айлық жұмысының бағдарламасымен таныстырды.
Бағдарлама барысындағы шараларға белсене ат салысып қатысқан оқушылар марапатталатыны қаперге берілді.


