«Қазақстан халқы тілдері күніне» орай, 6.09.24ж күні “Шетпе лицейі” КММ-сінің кітапханашы Жансая Ерханованың ұйымдастыруымен «Тіл-бабалар мұрасы» атты кітаптар көрмесі өтті.
Мақсаты: ана тілін қадірлеуге, оны шұбарлап-бұрмалаудан қорғауға, тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.
Сонымен қатар, шара барысында «Бір мақал—бір қалам» және «Күй тартып, сыйлық ал» айдарында оқушылар мақал айтып, күй тартып, өлең оқып белсене қатысты. Кітапханашы оқушыларды тәттілер мен қаламсаптармен марапаттады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, маңызын насихаттауға арналған шараға оқушылар жоғары деңгейде қатысты. Оқырмандардың ойлау қабілеттерін, өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру үшін жұмыс жасалды.
- Home
- «Қазақстан халқы тілдері күніне» орай, кітапханашы Жансая Ерханованың ұйымдастыруымен «Тіл-бабалар мұрасы» атты кітаптар көрмесі өтті.

Posted in
Uncategorized